Әл-Фараби атындағы қазақстандық жоо QS World University Rankings рейтингісінде 165-ші орынға ие болды. 2014 жылдан бастап Қазақстан бұл рейтингке белсенді түрде қатысып, тұрақты түрде баспалдақ бойынша жоғары көтеріліп келе жатқандығын көрсетуде.
Бұл рейтингке не бары 10 университет кірді
QS World University Rankings әлемдегі ең беделді рейтингтердің бірі болып саналады. Ол дүниежүзі бойынша 1000 ең үздік жоғары оқу орнын бағалайды. Оның әдістемесі 6 өлшемшартқа негізделген. Ғылыми жарияланымдардың дәйектелуіне аса назар аударылады: ол 20 пайызды құрауы тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада "Философия докторы дәрежесін тағайындаудың жаңа ережелері" материалы жарыққа шықты.