Ғылымометрия саласында көптен күткен маңызды оқиға орын алды – Scopus мәліметтер базасы CiteScore көрсеткіші есебінің формуласын жаңартты.
Жаңа формуланың түрі қандай?
CiteScore көрсеткіштері – бұл ғалымдарға кітап сериялары, конференция материалдары мен журналдардың дәйектелуінің әсеріне баға беруге көмектесетін метриканың жаңа стандарты. Бұл көрсеткіштер - ақырғы, ашық және ағымдағы көрсеткіштер, сондай-ақ тегін болып табылады, әлемдегі ғалымдарға талдау жасауға, оларға зерттеу жұмыстарының нәтижесін қайда жариялауға дұрыс болатындығына жол нұсқайды.
Ғылымометрияда зерттеу көрсеткіштеріне арналған екі алтын ереже бар
1. Шешімдеріңізде сапалық талдаумен қатар сандық талдауды қолданыңыз;
2. Әрбір талдау түрінде әрқашан да метрикалар тізімінен бір ғана ғылыми метриканы қолданумен шектелмеңіз.
CiteScore көрсеткіштері сегіз метрикадан тұрады
- CiteScore
- CiteScore Tracker
- CiteScore пайызы
- CiteScore Quartiles
- CiteScore рейтингісі
- Сілтемелердің саны
- Құжаттардың саны
- Дәйектелгендердің пайызы
Жаңартылған формуланың мағынасы мен барлық CiteScore көрсеткіштері, сонымен қатар олардың ғалымдар, кітапханашылар, ақпарат мәселелері жөніндегі мамандар, баспашылар мен редакторлар үшін артықшылығы туралы егжей-тегжейлі талдаумен «Научные публикации – Publ.Science» компаниясының ғылыми-оқыту орталығы дайындаған арнайы бейнежазбадан көре аласыз.
Компанияның Youtube-каналына жазылып, жаңалықтарымыздан хабардар болыңыздар.
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада "Ең үздік 200 QS World University Rankings рейтингісіне кіретін қазақстандық жоғары оқу орны" материалы жарыққа шықты.