Аннотация Scopus немесе Web of Science деректер базасында индекстелетін ғылыми мақаланың өте маңызды бөлігі болып табылады. Ғалым бұны жұмысын құру барысында ескерсе, бұл оның мақаласының жиі оқылып, дәйектелуіне ықпалын тигізеді.
Аннотацияда не жазу қажет?
Аннотация (аңдатпа) – бұл тұтас мақаланың қысқаша нұсқасы. Мұнда автор мақалада шешімін беретін мәселені, мақсаты мен зерттеу нәтижесін сипаттау қажет. Оқырманға құнды болатын бар өзектілігін көрсетуі тиіс. Бұл өз кезегінде ғалымға оны ары қарай оқуға тұратын-тұрмайтындығын анықтауға көмектеседі.
Аннотацияны зерттеу жұмысының негізгі бөлігінің орындалып, зерттеу аясы түсінікті болған кезде жазу қажет. Оны ғалымның зерттеу кезінде ашқан мәселесін нақты түсіне отырып жазуы аса маңызды.
Аннотацияны қалай жазу керек?
Жазылу тілі ғылыми әрі барлығына, әсіресе, сол пән төңірегінде қызмет ететіндер үшін түсінікті болуы қажет. Негізгі ойды мәні бойынша құрып, қысқаша беру керек, сонымен қатар құрылымына қойылатын талаптарды да ескерген жөн.
Естеріңізде болсын, аннотация ғалымдарды жұмысты оқуға итермелеуі қажет, сондықтан да ерекше болып, онда маңызды деректердің қамтылғаны дұрыс.
Аннотацияның сөйлемдерін қысқа қылып жазған абзал. Сізге оны жазу үшін бос орынды қоса алғанда 500-ге дейін символ беріледі.
Кілт сөздер мен сөз тіркестері
Кілт сөздер мен сөз тіркестерін анықтап алыңыз. Өзге авторларға тұтас мақаланың мазмұны мен мәнін түсінуге септігін тигізу үшін оларды аннотацияға енгізу қажет.
Ең кеңінен тараған фразалар мен сөз тіркестері қандай?
- «Бұл мақалада … мәселесі қарастырылған.»
- «Бұл жарияланымда … тақырыбы қозғалған.»
- «Мақала … зерттеуге арналған.»
- «Мақалада … жан-жақты талдауы жасалынған.»
Осы секілді сөз тіркестері өте көп. Сіздің аннотацияңызға ең келетінін іздеңіз.
Аннотацияда нені жазуға болмайды?
Онда ешқандай бос сөз, жалпы фразалар, артық мағлұматтар болмауы тиіс. Бірінші жақты қолданудың, тізімдерді кіргізіп, дәйексөздерді жазып, кескіндер мен суреттерді енгізу мен сілтемелер жасаудың қажеті жоқ. Терминдерді аз қылыңыз, тым ұзын синтаксистік және грамматикалық конструкцияларды қолданбаңыз.
Аннотацияның құрылымы
- Өзектілігі. Ғалымға берілген мақаланы оқудың қажеті неде?
- Мәселенамасы. Зерттеу жүргізу арқылы Сіз қандай мәселені шештіңіз?
- Шешімі. Қандай әдістер мен тәсілдерді қолданып, теориялық сұрақтарды көтердіңіз?
- Нәтижесі. Зерттеудің нәтижесін сипаттаңыз.
- Қорытынды. Сіздің зерттеп отырған тақырыбыңызды жұмысыңыз қалайша кеңейтті? Қандай жаңалық аштыңыз?
Аннотацияның академиялық тілге аударылуы
Сіз жарияланым жасау үшін Scopus және/немесе Web of Science деректер базасында индекстелетін халықаралық журналды таңдадыңыз ба? Ендеше, аннотацияны ағылшын тіліне аудару қажет. Ол үшін академиялық аударма бойынша тәжірибесі мол кәсіби аудармашыға жүгінген жөн. Өйткені журналдың рецензенті, Сіздің әріптестеріңіз зерттеу жұмысының мәнін дұрыс түсінгендері абзал.
Біз өздерінің ғылыми жұмыстарын жүргізумен қолдары босамайтын ғалымдарға кейде редакциялау, журнал немесе деректер базасының талаптарына сай ресімдеу жұмыстарын жасау қаншалықты қиын екендігін білеміз. Сондықтан да техникалық редактура бөлімінен біздің мамандарымыз мақалаңыз барлық талаптарға сай болып, бірден сарапшылық рецензиялаудан сәтті өтуі үшін қуана-қуана материалыңызды жетілдіруге дайын. Егер де Сізге мақалаңызды жетілдіруде көмек қажет болатын болса, чат арқылы біздің маманымызға жазыңыз немесе сайттағы кез келген байланыс орнату нысанын қолданыңыз.
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада «Қазақстан Республикасы – ғылыми атақтар беру туралы жаңа бұйрық. Ғалымдарды не күтуде?» материалы жарыққа шықты.