Бірлескен авторлық тақырыбы өзекті және үлкен мән беруді талап етеді. Жарияланым жасау үшін мақаланы дайындау кезіндегі халықаралық ынтымақтастық орнатуға қатысты туындайтын ең кеңінен таралған сауалдарға жауап беру мақсатында біз жаңа материал дайындауды шештік.
Бірлескен авторлық дегеніміз не?
Бірлескен авторлық – бұл бірнеше ғалымдардың ортақ зерттеу жасап, оны дайындау мен мақала сипаттамасы жұмыстарына қатысуы.
Бірлескен авторлықтың түрлері
Бөлінетін. Бұл жағдайда әрбір ғалым зерттеу жұмысындағы өзіне тиісті бөлігін ғана сипаттайды. Ғалым өз үлесін өзінің қарауы бойынша қолдана алады, тіптен берілген зерттеу жұмысында оны жариялауға тиым сала да алады.
Бөлінбейтін. Мақала біртұтас жұмыс болып табылады. Авторлардың ешқайсысы оның қандай да бір бөлігін қолдануға дәйексіз тыйым сала алмайды.
Авторлардың жауапкершілігі: бөлінетін бірлескен авторлықта әрбір ғалым жұмыстың өзіне тиісті бөлігіне жауап береді, бөлінбейтін бірлескен авторлықта жарияланған және индекстелген материалға барлық авторлар жауап береді.
Өзге ғалымдармен ынтымақтастық ету авторға не үшін қажет?
- Біріге отырып Сіз зерттеу жұмысына әлдеқайда тереңірек идеялар мен шешімдер қоса аласыз.
- Біріге отырып Сіз техникалық жағына келгенде оны кеңінен жүзеге асыра аласыз.
- Уақыт, энергетикалық ресурстар мен қаражатты үнемдейсіз.
- Мақаланың «зияткерлік салмағы» артады, бұл өз кезегінде рецензиялау үрдісінің әлдеқайда тезірек жүруі мен оның беделді журналда тезірек жариялануына ықпал етуі мүмкін.
- Коллаборация – бұл әрбір ғалымға қажет бірегей тәжірибе.
Scopus пен Web of Science деректер базасының бірлескен авторлыққа көзқарасы
Ғылымометрикалық көрсеткіштердің ендірілуіне байланысты соңғы кездері бірлескен авторлық тақырыбы өте өзекті тақырыпқа айналып, кеңінен тарады, әсіресе, халықаралық ғылыми қоғамдастық арасында кеңінен тараған. Scopus пен Web of Science деректер базасы зерттеушілердің бірігуге ұмтылулары мен бірігіп жарияланым жасауларын қолдайды.
Дегенмен аталмыш тақырып ғылыми этика жазықтығында жатыр, дәлірек айтатын болсақ, аталып отырған мәселе бір мақалада бірлескен авторлардың рұқсат етілетін санына қатысты. 2015 жылы бір мақалада 5000-нан астам бірлескен авторлар болған рекордты көрсеткіш тіркелді. Әр ғылым саласы бойынша қарастыратын болсақ, медицина ғылымдарында бірлескен авторлардың саны 10 адамға дейін мүмкін болса, физика және химия ғылымдарында бірлесе жұмыс жасайты ұжымдар саны аз.
Мақалада рұқсат етілетін ғалымдар саны
Scopus пен Web of Science бірлескен авторлықтың 5-тен артық емес санын құптайды. Біздің компаниямыздың мамандары да осы көзқарасты ұстанады және де жалпы мақала және оны жариялайтын кезде бірлескен авторларды іздеу барысында осы мәселені бақылауда ұстайды.
Бірлескен авторлар тізіміне кімдер кіре алады?
Бірлескен авторлар тізіміне зерттеуді дамытуға біршама үлес қосқан авторларды кіргізеді. Бірлескен авторлық зерттеу жұмысы үрдісі кезінде емес, тек қана оның нәтижесі бойынша анықталынады.
Бірлескен авторды қалай табуға болады?
Интернет және әлеуметтік желілердің дамуы ізденіс жасауға ықпалын тигізді – ғалымдардың бірлестік құруы үшін ықпал ететін жағдайлар мен мүмкіндіктер көбейе түсті. Бұл қарқынды сипатқа ие болып, өзекті және маңызды жаңалықтардың ашылуына әлеуетті мүмкіндіктер береді.
Scopus пен Web of Science ғылымометрикалық деректер базасы Сіздің тақырыбыңыз төңірегінде әріптес іздеуге және ынтымақтастық орнатуға қолайлы құралдарды ұсынады. Осы деректер базасының бірінің іздеу жүйесін Сіз біздің ғылыми-оқыту орталығымыз дайындаған бейнежазбадан көре аласыз.
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада «Мақаланы қабылдамады ма? Себебі неде?» материалы жарыққа шықты