Ғылым саласында мақала жіберілгеннен кейін журналдың редакциялық алқасының оны ғалымға қайтаруы жиі орын алуы мүмкін. Бұл шешім басылым редакциясында рецензиялаудың алғашқы кезеңінде немесе рецензенттің мақаланы қарауы кезеңінде орын алуы мүмкін. Дегенмен де ғалымның мақаласын қабылдаудан бас тартудың себебі неде? Оның негізгілерін қарастыра кетейік.
Әрбір ғалым ғылыми журналдың, әсіресе, халықаралық Scopus немесе Web of Science ғылымометриялық деректер базасына кіретін журналдың мақаласын жарияламау мүмкіндігі жағдайына дайын болуы қажет. Бұл қуанарлықтай жағдай емес, дегенмен көңіл түсірудің де қажеті жоқ. Осы жағдайда зерттеуші қабылданатындай мақаланы алдын-ала дайындау үшін және өзге журналға өз жұмысын бірден жіберуге дайын болуы үшін мақаланың қабылданбауының негізгі себептерін білуі қажет.
Қабылданбаудың ең кеңінен тараған себептері
Журналға мақаланың тақырыбы сай келмейді
Журналдың өте жауапты жарияланымдық саясат жүргізуіне байланысты мақалаларды іріктеу қатал түрде жүреді. Журнал жұмыс жасайтын және материалдарын жариялайтын тақырыптардың «тазалығын» қадағалайды. Сіз бірден түсінуіңіз қажет, егер мақала тақырыпқа сай келмесе, оны жариялауға қабылдамайды. Журнал үшін оның сапасы мен ғылыми қоғамдастықтағы атағы аса маңызды. Бұған қоса, редакция алқасы Сіздің тақырыбыңыз бойынша сарапшыны таппауы әбден мүмкін. Осыған орай жұмыс тиісті бағасын ала алмай қалады.
Жарияланымдық этика
Келесідей жағдай орын алатын болса, мақала ғалымға қайтарылады:
- плагиат;
- ғалым иллюстрацияны оның меншік құқығы иесінің рұқсатынсыз қолданған жағдайда;
- редакция немесе рецензенттер автордың мақаланы бірнеше басылымдарға жібергенін анықтаған жағдайда;
- берілген мақала алдында басылымға шыққан болып, қайтадан басылымға берілген жағдайда
Зерттеу жұмысының өзектілігі
Ғылыми журналдар әрдайым жаңа мақалаларды іздеу үстінде. Сіздің жұмысыңыздың нәтижесінің бірегей болуы, ал зерттеу барысында қолданылған әдістердің заманына сай және өзекті болуы өте маңызды.
Ресімдеу кезіндегі негізгі мәселелер
- Ғалым журналдың ресімдеуге қоятын талаптарын ескермеді.
- Мәтіннің тілі түсініксіз.
- Зерттеу жұмысының міндеттері дұрыс сипатталмаған және міндеттерді шешу жолдарының концепциясы әлсіз.
- Тиісті емес әдіс-тәсілдерді қолдану мен мәліметтердің толық берілмеуі. Тиісті әдебиеттердің толық қаралмауы.
- Қорытынды пайдаланылған мәліметтерге сай емес.
- Грамматикалық қателер.
- Ағылшын тіліне сапасыз аударылған.
- Иллюстрациялар мен суреттер дұрыс ресімделмеген.
- Мәтінде жаргондар қолданылған.
Журналдың көлемі
Журналдың мақаланы қабылдамауының тағы бір себебі – онда жарияланатын мақалалар санының шектеулі болуы және жариялауға арналған орынның болмауы. Журнал беделді болған жағдайда жұмыстың қабылданбау мүмкіндігі өте жоғары және де ол оңайлықпен қабылдана қоймайды. Жылына мыңдаған мақалалар жіберілетін «Nature» журналын есімізге түсірейік. Әрине, оның барлық жұмысты жарияламайтындығы түсінікті. Қандай да бір мақаланың қабылданбай қалуы айдан анық.
Ғылыми-жарияланымдық тәжірибеде мақаланы жариялаудан бас тартудың себептері өте көп. Соған қарамастан, соншама күш пен уақыт жұмсаған зерттеу жұмысымды жариялаймын деген ниетіңіз бен үмітіңіз аталған себептерге байланысты үзілмеуі тиіс.
«Научные публикации – Publ.Science» компаниясы әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдарға олардың ғылыми мақалаларын сапалы журналдарда жариялауға көмектеседі. Біздің мамандарымыз жарияланымға қабылданбаудың барлық себептерін біледі және Сіздің жұмысыңыз журналдың барлық талаптарына сай келіп, онда жариялануы үшін қолдарынан келгендерінің барын жасайды. Егер Сізге Scopus немесе Web of Science ғылымометриялық деректер базасында жұмысыңыздың міндетті түрде индекстелгені қажет болса, чаттағы біздің маманымызға жазыңыз немесе кез келген нысанды толтырыңыз. Сізбен ынтымақтастық орнатуды асыға күтеміз.
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада «Өз-өзін дәйектеу дегеніміз не? Мақаладағы оның шегі қандай?» материалы жарыққа шықты.