Өз-өзін дәйектеу тақырыбы ғылыми салада айтарлықтай өзекті тақырып болып табылады. Жарияланымдық этика тақырыбы да бұнымен тұспа-тұс келеді. Неліктен олай? Мұны жаңа мақаламызда егжей-тегжейлі қарастырайық.
Өз-өзін дәйектеудің қандай түрлері бар?
Жалпы алғанда, өз-өзін дәйектеудің екі түрі бар. Бірін дұрыс деп атасақ, екіншісі – бұрыс. Арасындағы айырмашылық неде?
Өз-өзін дәйектеудің дұрыс түрі. Ғалым жаңа жұмысында өзінің алдыңғы жұмысында жазған мәтінін дәйектеу мақсатына сай көлемде пайдаланады. Мәтінде бірінші дереккөзге сілтеме жасалынып, сілтеме дәйектеудің барлық ережелері мен талаптарына сай ресімделеді. Өз-өзін дәйектеудің дұрыс түрі плагиаттың қандай да бір түріне жатпайды, дегенмен оны көп қолдану жағымсыз салдардың туындауына әкеледі және де халықаралық ғылыми қоғамдастықтың бұған деген көзқарасы теріс.
Өз-өзін дәйектеудің бұрыс түрі. Өзінің алдыңғы мәтінін автор ережеде белгіленгендей тиісті көлемде қолданады, дегенмен дәйектеу ережелерін бұзады (дереккөз дәл көрсетілмеген және сілтеме орнында емес).
Өз-өзін дәйектеу бірқатар ғылым саласында қолданылады және ғалымның мүлдем оны қолданбауы мүмкін емес, әсіресе, ол бірегей тақырып аясында зерттеу жүргізіп жатқан болса, оны міндетті түрде қолданатындығын түсінген жөн.
Дәйектеудің жарияланымдық этиканың қағидаларына қайшы келетін өзге түрлері
Өздік плагиат – автор тағы да алдыңғы қолданған мәтінін дәйектеу мақсатына сай келмейтін көлемде пайдаланады, сонымен қатар бірінші дереккөзге сілтеме бермейді.
Жарияланым қайталанымы – автор өзінің алдыңғы мақаласын бір немесе бірнеше басылымдарда алғашқы дереккөзге сілтеме жасамай жариялайды.
Дәл осы өздік плагиат пен жарияланым қайталанымы ғылыми-жарияланымдық саладағы ең этикаға сай емес мысал ретінде танылады. Авторлар тарапынан мұндай қатынас олардың беделін түсіріп, ғылыми қоғамдастықты адастыруға әкеледі, алдамшы дамуға келтіріп, жарияланымдық белсенділік танытқандай болады және т.б.
Журналдарда өз-өзін дәйектеу
Кейде өз-өзін дәйектеу белсенді түрде орын алып жатқан журналдарға қатысты көптеген сұрақтар туындап жатады. Бұл редакция алқасы мүшелерінің өзге баслымдарда өз журналдарына сілтеме жасаулары ретінде байқалады. Өзінің басылымының рейтингісін көтеру мақсатында осындай әрекеттерге бару да жарияланымдық этиканы бұзғанға жатады.
Өз-өзін дәйектеудің шегі
«Научные публикации – Publ.Science» компаниясының мамандары ғалымның мақаласын тексеру барысында келесідей ережені ұстанады: жұмыстағы өз-өзін дәйектеу 10-12%-дан аспауы тиіс. Ғылыми журналдармен және деректер базасымен ынтымақтастық орнату жылдарында бұл көрсеткіш біз ұстанатын және клиенттеріміздің ұстануына да кеңес берілетін көрсеткіш ретінде заң болып қалыптасты. Осы заңды ұстанған жағдайда ғалымға оның алдыңғы жұмыстарына жасалған сілтемелер санының артық болуына қатысты ешқандай да сұрақтар қойылмайды, бірақ зерттеу жұмысын толық әрі сапалы ашу мақсатында бірқатар ескертулер болады.
Жарияланымдық этиканы кім қадағалайды және қандай сұрақтар зерттелінеді?
COPE (Committee on Publication Ethics) жарияланымдық этиканы белсенді түрде зерттейтін ұйым болып табылады. Өз-өзін дәйектеу үрдісі терең зерттеуді қажет ететіндіктен, 2017 жылы COPE ұйымдастырған халықаралық форумда осы тақырыпқа қатысты бірқатар өзекті мәселелер қозғалды.
1) Өз-өзін дәйектеуді көп қолдануға болады ма және ол H-index-ті көтеруге бағытталған амалдардың бірі емес пе?
2) Ғылыми мақалалар рецензенттеріне жауапкершілік артылады ма? Олардың дереккөздерге жасалған сілтемелерді тексерулері және өз-өзін дәйектеуге қатысты автордың шынайылығын анықтаулары, сонымен қатар басқа мәселелерді де қараулары тиіс пе?
Ғалымдардың пікірлері әртүрлі болып шықты
- Кейбіреулері бірегей мақалаларға көп «тиіспеу» керек, ал үстіртін жасалған жұмыстарға көбірек «тиісу» керек деген пікірде.
- Өз-өзін дәйектемеу мүмкін емес. Әсіресе, жұмыстың тақырыбы алдыңғы тақырыптың аясында болған жағдайда өз-өзін дәйектеу міндетті түрде жіберіледі. Дегенмен сілтемелер егжей-тегжейлі зерттеліп, сол жасалған талдауға қарай отырып олардың қажет-қажет еместігі жайында қорытынды шығару қажет.
- Рецензенттерге қатысты ғалымдар дәйектеу төңірегінде оларды оқытуды енгізген дұрыс болар еді деген пікірде.
- Дәйектеудің мәдениеті ғылыми жетекшімен жұмыс жасаған кезде студентке жарияланымдық этиканың мысалы көрсетіліп, ғылыми жұмыста дәйексөздердің дұрыс қолданылуын үйрететін студенттік жылдардан бастап оқытылуы тиіс.
«Научные публикации – Publ.Science» компаниясы әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдарға мақалаларын жариялауға күнделікті көмектесуде. Біздің мамандар деректер базасының барлық талаптарын толық біледі, сапалы журналда рецензиялаудан сәтті өтіп, ғылымометрикалық платформада индекстелетіндей Сізге материалыңызды дайындауға көмектеседі. Дәл қазір бізге чатқа жазыңыз немесе байланыс орнатудың кез келген нысанын толтырыңыз және де біз Сізге бір сағаттың ішінде жауап береміз.
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада «Научные публикации – Publ.Science» компаниясының мамандары рецензиялау кезінде немен айналысады?» материалы жарыққа шықты.