12 мамырда «Қазіргі ғылымның басты метриктері. «Scopus және Web of Science» атты ғылыми-метриясы бойынша вебинарлардың ақпараттық циклі басталады. Осы онлайн-кездесулердің ұйымдастырушысы - "Научные публикации - Publ.Science" компаниясының ғылыми-білім беру орталығы.
Бұл вебинарлар өздерінің ғылыми-жаряланымдық қызметін дамытуға қызығушылық танытатын және Scopus құрамына кіретін халықаралық журналдардағы жұмыстарды басып шығарудың басты кезеңдеріне қатысты көбірек мәліметтерді білгісі келетін барлық ғалымдарға пайдалы болады. Сондай-ақ, ғылыми мақала дайындау барысында зерттеушілердің қандай мәселелерге тап болатынын түсінуге көмектеседі.
Тіркелу
Вебинарлар тақырыптары
- Ғылыми-метрия базисі. Қазіргі ғылымның басты метрикасы.
- Scopus негіздері. Өз бетінше жариялау мәселесі.
- Web of Science негіздері. Өз бетінше жариялау мәселесі
- Ғылыми консалтингтің қыр-сыры. Жариялау кезінде уақытты қалай үнемдеуге болады?
Ғалым барлық онлайн-кездесулерден кейін не алады?
► ғылыми-метрия және ғылыми жарияланымдар саласындағы барлық өзгерістер туралы ақпарат;
► өз қызметін талдау үшін маңызды ғылыми-метрия көрсеткіштер туралы, сондай-ақ халықаралық библиографиялық деректер базалары туралы білетін болады;
► ғылыми мақалаларды дайындаудың негізгі кезеңдерін талдайды;
► ғылыми-жарияланымдық қызметті жоспарлау және ғылыми қоғамда қалай танылуға болатындығын түсінеді.
Жүргізуші: Елизавета Батаева - ғылыми-оқыту орталығының маманы.
Вебинарларға қатысу тегін, міндетті түрде тіркелу керек. 3 немесе барлық вебинарларды тыңдап, қатысушы сертификат алады. |
Маңызды: вебинарлар күн сайын орыс тілінде өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, жақында " Web of Science. Құрылым, көрсеткіштер, жарияланымдарды орналастыру ерекшеліктері" атты бейнежазба жарияланды.