Ғылымометрия бойынша «Заманауи ғылымның басты метрикалары. Scopus пен Web of Science» атты жаңа вебинарлар циклі 7 желтоқсанда басталуда. Scopus пен Web of Science деректер базасына кіретін халықаралық журналдарда белсенді және сәтті түрде қалай жарияланым жасауға болатындығы Сіз үшін қызықты болса, онлайн-кездесулерге қосылуыңызды сұраймыз.
Вебинарлар жарияланым үрдісінің қыр-сырын меңгеруге, рецензиялаудан сәтті өтуге, мақалаларын қалай дұрыс ресімдеуге болатындығын және нормативтік құжаттар мен талаптарды зерделей біліп, мансап баспалдағымен сәтті алға жылжулары үшін зерттеушілерге көмектесуге бағытталған.
Жүргізуші: Елизавета Батаева – «Научные публикации – Publ.Science» компаниясы ғылыми-оқыту орталығының маманы
Вебинарлар 4 бөлімнен тұрады
7.12.20 – Ғылымометрия негізі. Заманауи ғылымның басты метрикалары.
8.12.20 - Scopus негіздері. Өз бетінше жарияланым жасаудың мәселенамасы.
9.12.20 - Web of Science негіздері. Өз бетінше жарияланым жасаудың мәселенамасы.
10.12.20 – Ғылыми консалтингтің қыр-сыры. Жарияланым жасауда уақытты қалай үнемдеуге болады?
Әртүрлі елдерден 4000 ғалым вебинарларға қатысып, алынған ақпаратты өздерінің ғылыми-жарияланымдық қызметтерінде белсенді түрде қолданып жүр |
Маңызды
► Вебинарлар тілі – орыс тілі.
► Вебинарлаға қатысу тегін, алайда тіркелу міндетті.
Ғалым 3 немесе одан да көп вебинарларға қатысқан жағдайда сертификат табысталады. «Научные публикации – Publ.Science» білім беру қызметтерін көрсететін ресми субъект болып табылады. Компанияның ғалымдарға сертификат табыстауға құқығы бар. Ғалымдар өз кезегінде біліктіліктерін көтеру мақсатында аталмыш сертификатты өздерінің ғылыми ұйымдарында ұсынып, қолдана алады. Сондықтан да орталық табыстаған сертификат ресми құжат болып саналады. Оның құрылымы білім беру қызметтері көрсетілетін елдердің заңнамалық актілеріне сай барлық пункттерді қамтиды. |
Вебинарлардан өзге, ғылыми-оқыту орталығы белсенді түрде әрбір ғалымның ғылыми-жарияланымдық қызметін дамытуға арналған пайдалы да өзекті ақпаратты қамтитын бейнежазбалар дайындайды. Ғылым мен ғылымометрия саласындағы соңғы іс-шаралардан хабардар болу үшін компанияның YouTube-каналына жазылыңыз.
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада «Қазақстанның қандай Университеттері мен ғылыми ұйымдары Web of Science деректер базасы марапатына ие болды?» материалы жарыққа шықты