«Научные публикации – Publ.Science» соңғы айларда компанияның командасы ойластырған халықаралық «Certification Center» платформасына бастама берді. Сертификаттау орталығын құру идеясы әртүрлі елдердегі мыңдаған ғалымдарға арналған ғылымометрия төңірегінде біраз ауқымды семинарлар мен вебинарларды өткізгеннен кейінгі жасалған дұрыс қадам.
Нормативтік негізі
«Научные публикации – Publ.Science» білім саласында қызмет көрсететін ресми субъект болып табылады. Компанияның ғалымдар өздерінің ғылыми ұйымдарында біліктіліктерін арттыру үшін ұсына алатын сертификат беруге құқығы бар. Сол себептен орталық берген сертификат ресми құжат болып табылады. Оның құрылымы білім беру қызметтері көрсетілетін елдердің заңнамалық актілеріне сай барлық тармақтарды қамтиды.
Сертификат нені қамтиды?
• сертификат беретін компанияның ресми атауы;
• біліктілікті арттырудың көлемі мен тақырыбы;
• вебинарлар цикліне қатысқан адамның тегі, аты, әкесінің аты және оның қол жеткізген нәтижесінің сипаттамасы;
• құжаттың шыққан мерзімі мен оның тіркеулік жазбасы;
• субъекттің атынан құжатқа қол қойған тұлғаның атқаратын міндеті;
• Сонымен қатар, QR-код, Сертификаттау орталығының платформасында тексеруге болатын сертификаттың сериясы мен нөмірі.
Вебинарларға қатысқаннан кейін сертификатты қалай алуға болады?
Вебинарларға қатысқаннан кейін сертификатты алу үшін платформада авторизациялануыңыз қажет. Ол үшін келесі амалдарды орындау керек.
1) Вебинарлар циклін өткергеннен кейін қатысушылардың электрондық пошталарына вебинарлар циклін сәтті түрде өтуіңізбен деген құттықтау хаты келеді. Қатысушы Сертификаттау орталығының платформасында тіркелудің алғашқы нысанын толтыру үшін келген хаттағы деректердің (электрондық пошта және кіру коды) көшірмесін жасайды.
2) Осыдан кейін тіркелудің екінші нысанында өзінің кәсіби қызметі жөнінде әлдеқайда егжей-тегжейлі ақпаратты енгізуі қажет • Орыс тіліндегі аты-жөні. • Ағылшын тіліндегі аты-жөні. • Жұмыс орны. • Ғылыми атағы немесе дәрежесі. • «Научные публикации – Publ.Science» компаниясының Youtube-каналына жазылатындығына беретіндігін растау.
3) Екінші нысанды толтырғаннан кейін ғалымның элекрондық поштасына екінші хат келеді. Осы екінші хат арқылы ғалым сертификатты жүктеп ала алады.
БЕЙНЕНҰСҚАУЛЫҚ
Құжаттың сақталуы
Сертификат ғалым оның растығын әрқашанда дәлелдей алатын Сертификаттау орталығында сақталатын болады. Ол үшін тек қана сертификаттың сериясын немесе нөмірін, я болмаса ғалымның аты-жөнін енгізу қажет.
Сертификаттау орталығына қандай да бір сұрақ қойғыңыз келсе, certificates@publ.science электрондық поштасына хат жолдаңыз. Сізбен ынтымақтастық орнатуды асыға күтеміз.
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада "Құрметті ғалымдар, мұқият болыңыздар!" материалы жарыққа.