Заманауи ғылыми кеңістікте плагиат түсінігін жарияланымдық этиканы бұзушылыққа жатқызады. Аталмыш құбылыс зерттеушілердің, рецензенттер мен журнал редакторларының көңілінен шықпайды. Өте көп ғылыми мақалалар ондағы плагиаттың болуына байланысты өтпей жатады. Бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастырайық.
Мазмұны
Плагиат дегеніміз не?
Плагиат дереккөзге сілтеме бермей өзгелердің нәтижелерін иемдену дегенді білдіреді.
Плагиаттың бірқатар түрлері бар
Сөзбе-сөз плагиат (Автор біреудің жұмысын алып, оны толығымен өзінікі ретінде көрсетеді. Бұл зияткерлік ұрлықпен тең).
Перефраздау (Автор өзгенің мәтінін алып, кішкене өзгерістер енгізіп, өзінікі ретінде көрсететін ең кеңінен тараған плагиаттың түрі. Сөздері басқаша болуы мүмкін, бірақ түпкі ойы сонда да өзгенікі).
Өздік плагиат (Автор алдында жарияланған өз жұмысының қандай да бір бөлігін екінші мәрте қолданып, алдыңғы жұмысына сілтеме жасамаған кезде қайталаным орын алады).
Кездейсоқ плагиат (Ол жоспарланған және жоспарланбаған болуы мүмкін, дегенмен ол сонда да ақтауға келмейді).
Авторлықты дәл көрсетпеу (Ғалым өз үлесін қосты, бірақ оның аты-жөні жұмыста аталмаған. Екінші жағдай: ғалымның аты-жөні мәтінде аталған, алайда ол жұмысқа өз үлесін қоспады).
Ақпараттық дереккөзі жоқ (Автор расында да жоқ немесе дұрыс емес дереккөзге сілтеме береді).
Антиплагиат жүйесі
Кейде кейбір авторлар бағдарламалық жасақтаманы адастыратын түрлі тәсілдерді қолданады. Алайда біз мұндай әрекеттерге баруды бірден ұмытуға кеңес береміз. Қазір бірегейлікті тексеру жүйесі жыл сайын жетілдіріліп, ресурсты алдау тәжірибе жүзінде мүмкін емес болып бара жатыр. Бұған қоса, халықаралық журналда жариялануы тиіс әрбір мақала сарапшылық рецензиялаудан өтеді. Бұл кезеңде рецензенттер ондағы өзгелердің идеяларын иемденуін тексеру мақсатында жұмысты мұқият оқиды.
Бірегейліктің жіберілетін деңгейі
Біздің жарияланымдық тәжірибе көрсеткендей, бірегейлік пайызының 85% болғаны дұрыс. Сол кезде Сіздің мақалаңыздың сарапшылық рецензиялаудан сәтті өтуінің мүмкіндігі жоғары болады.
Плагиат болып саналмауы үшін өзгелердің ойын қалай ресімдеуге болады?
Сіздің жұмысыңызға қажетті мәтін бетінің барлығын көшірудің қажеті жоқ. Сіз өзіңіздің сөзіңізбен негізгі ойды сипаттап бере аласыз, маңызды ойды дәл беру үшін дәйексөзді енгізе аласыз және міндетті түрде пайдаланылған әдебиеттер тізімінде дереккөзге сілтеме жасауыңыз керек.
Мақаладағы плагиаттың салдары
- Өкінішке орай, плагиатты сот арқылы дәлелдеу айтарлықтай қиын. Бұл жағдайда ғалымның жауапкершілігі мен этикалық мәдениеті басты рөл атқарады. Зерттеушінің беделіне мықты нұқсан келуі мүмкін. Дәл осы ғалымға өзінің жұмысында плагиаттың алдын алуына мәжбүрлейтін тетік болып табылады.
- Мақалада плагиаттың болуына байланысты журнал ғалымның жұмысын жариялаудан бас тартуы мүмкін немесе басылған журналдан мақаласын алып тастауы мүмкін. Басылымға өзінің беделі мен рейтінгісін қорғап қалу маңызды. Редакция, әсіресе, халықаралық басылымдар өз талаптарында бірегейлік пайызын айқындап көрсетіп, бұл көрсеткішті қатаң түрде ұстанады.
Мақалаңыздың бірегейлік пайызын анықтау үшін және жұмысыңызды жағымсыз салдардан қорғап қалу мақсатында оны бізге тегін аудит жасауға жіберіңіз. |
Қосымша ұсынымдар
- Жұмысыңызды жазған кезде дәйексөздерді міндетті түрде дұрыс ресімдеу керектігі әрдайым есіңізде болсын.
- Дәйексөзді тым көп келтіруден аулақ болыңыз.
- Бірегейлікті арттыру үшін перефраздауды қолданыңыз, дегенмен міндетті түрде пайдаланылған әдебиеттер тізімінде дереккөзді нұсқаңыз.
- Суреттер, кестелер мен формулаларды бейне, скриншот ретінде сақтауға болады, бұл өз кезегінде жұмыстың бірегейлігін арттырады.
- Нәтижелерді сипаттаған кезде шетелдік әріптестеріңіздің мақалаларына жүгініңіз. Ондай мақалаларды Сіз Scopus, Web of Science деректер базасынан таба аласыз
Біздің «Ғылыми жарияланымдар» компаниямыз әртүрлі елдердегі ғалымдарға олардың ғылыми жұмыстарын сәтті түрде жариялануына көмектеседі. Бізге жүгіну арқылы авторлар білікті қолдауға ие болады. Бұл журналдың барлық халықаралық талаптарына сай жұмысты дұрыс ресімдеуді қамтиды. Егер Сізге қажет болса, журналды да таңдап бере аламыз. Біз әрбір мақаланың бірден сарапшылық рецензиялаудан сәтті түрде өтуіне және сапалы басылымда жариялануына жауаптымыз.
Егер Сізге Scopus-та, Web of Science-та жарияланымдар немесе қандай да бір қызмет (редакциялау мен ресімдеу, аударма, бірегейлігін тексеру) қажет болатын болса, чат немесе сайттағы кез келген байланыс нысаны арқылы бізбен хабарласыңыз. Сіздің ғылыми міндеттеріңізді жүзеге асыруда Сізге қуана көмектесуге дайынбыз.
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада «Scopus-та мақаланың индекстелуі қалай жүреді?» материалы жарыққа шықты.