2023 жыл аяқталуға жақын, бұл қажырлы еңбек, белсенді даму және таңғажайып жетістіктер кезеңі болды. Сондықтан өткен жылды қорытындылап, болашаққа жоспар құратын кез келді.

"Ғылыми басылымдар" компаниясындағы жыл қорытындысы
-
"Scientific Alliance" холдингі жетінші мерейтойын атап өтті, бұл біздің сенімділігіміз бен тәжірбиелігімізді көрсетеді.
-
Өткен жылы біздің қызметкерлер саны 30% - ға өсті.
-
"Ғылыми басылымдар" компаниясы Алматы қаласында жаңа үлкен кеңсе ашты.
-
Биыл біз Қазақстан мен әлемнің жетекші ғылыми және оқу орындарымен ынтымақтастық туралы 50-ден астам меморандум жасадық.
-
“Ғылыми басылымдар” компаниясының Ғылыми-оқыту орталығы ғалымдарды табысты ғылыми мақалалар жазудың негізгі аспектілері жайлы және осы саладағы өзекті өзгерістер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін 100-ден астам ғылымометрия вебинарлары мен семинарларын ұйымдастырды.
-
Біздің Youtube арнамызда жыл бойы пайдалы бейнелер мен қысқа танымдық Shorts-тар белсенді түрде шығарылды.
-
Компания әлеуметтік және қайырымдылық шараларына белсенді қатысты.
Осы жылды аяқтай отырып, біз өз клиенттерімізге және серіктестерімізге шын жүректен алғыс айтқымыз келеді. Сіздердің қолдауларыңызсыз бұл жетістіктер мүмкін болмас еді. Сіздер біздің жетістігіміздің ажырамас бөлігісіз және біз сіздерге бізге деген сенімдеріңіз бен ынтымақтастығымыз үшін алғыс айтамыз!
Жаңа жылда сіздерге шабыт, әл-ауқат және бақыт тілейміз. 2024 Жыл Сіздерге жаңа жетістіктер, мансаптық өсу және одан әрі ғылыми жолда дамуға шексіз қуат әкелсін.
Жаңа 2024 жылда кездескенше!