Ғылымометрикалық мәліметтер базасы жыл сайын тізімінен өз басылымын дамытуын тоқтатқан немесе қаражат табу мақсатында ғана жарияланымдық қызметін белсенді түрде жүргізетін журналдарды тізімінен шығарып жатады. Бұл – өте өзекті тақырып және жұмыстарының жарияланымдары туралы ойланатын немесе бұрыннан өз мансабын дамытып келе жатқан әрбір ғалымды қобалжытпай қоймайды. Журналды табу, белгілі бір уақыт аралығында оның қызметімен танысу және оның мәліметтер базасынан қандай да бір уақытта шығып кетпейтіндігіне көз жеткізу аса маңызды болып табылады.
«Научные публикации – Publ.Science» компаниясының ғылыми-оқыту орталығы жақын арада мәліметтер базасынан шығып кеткен журналдарға қатысты ақпаратты егжей-тегжейлі талдап, журналдың қызметі мен оның индекстелуін қалайша тексеруге және сапасыз журналдардан қалайша қорғануға болатындығы жөнінде бірегей кеңестер дайындады.
Жүргізуші: Елизавета Батаева – компанияның ғылыми-оқыту орталығының маманы
Бейнежазбаны көру арқылы нені білетін боласыздар?
- Мәліметтер базасынан шығарылып тасталуы мүмкін журналдарда жұмыстарыңызды жариялаудан қалайша қорғануға болады?
- Басылымның көрсеткіштері қандай болуы тиіс?
- Журнал мәліметтер базасынан шығып қалып, сол себептен Сіздің жұмысыңыз индекстелмей қалған жағдайда не істеу қажет?
- Журналдың индекстелуін тексеру туралы қадамдық нұсқаулық және ол не үшін қажет?
«Научные публикации – Publ.Science» компаниясы ғылым мен ғылымометрия аясында жасалып жатқан барлық шаралар жөнінде хабардар болу үшін өзінің Youtube-каналына қосылуға шақырады.
Ең өзекті тақырыптар мен пайдалы бейнежазбалар мында ⇒ КАНАЛҒА ЖАЗЫЛУ
Байланыс көздері
Қосымша сұрақтар туындады ма? Бізбен байланысудың өзіңізге қолайлы жолын таңдаңыз:
Тел.: +7 (487) 244 05 08
E-mail: info@publ.science
Жақын арадағы Scopus мәліметтер базасынан журналдардың шығарылуы журналдармен қатар мақалаларын сонда жариялаған ғалымдарға да өз зардабын тигізді: көптеген жұмыстар индекстелмей қалды. Мәліметтер базасынан шығарылып тасталған бір журналдың қызметіне сараптама жасау мысалын ала отырып біз сол берілген басылымның қызметін және оның ғалымға тиетін зардабын сипаттадық. Сілтеме арқылы өтіп, берілген материалмен біздің блогымызда толығымен таныса аласыз.
Есіңізге сала кетейік, жақын арада «CiteScore есебінің жаңа формуласы! Журналдардың ендігі квартильдері мен процентильдері қандай?» бейнежазбасы жарыққа шықты.