24 тамызда «Научные публикации – Publ.Science» компаниясының ғылыми-оқыту орталығы дайындаған «Заманауи ғылымның басты метрикалары. Scopus және Web of Science» атты ғылымометрия аясындағы вебинарлар циклі басталады. Біз ғалымдарды аталмыш шараға қатысуға және алдағы уақыттағы ғылыми жұмыстарына пайдасы тиетін құнды ақпарат алуға шақырамыз.
Аталмыш онлайн-кездесулердің мақсаты
Халықаралық ғылымометрикалық мәліметтер базасындағы (Scopus және Web of Science) ғалымдардың ғылыми-жарияланымдық қызметтерінің басты аспектілерін ашып көрсету. Зерттеу жүргізушілер вебинарлардан шетелдік журналдарға арналған ғылыми жұмыстарды дайындау кезінде ғалымдардың беттесетін басты мәселелері туралы білетін болады.
Вебинарларды жүргізуші – «Научные публикации – Publ.Science» компаниясының ғылыми-оқыту орталығының маманы Елизавета Батаева
ТІРКЕЛУ
Вебинарлар кестесі
24.08.2020 – Ғылымометрия базисі. Заманауи ғылымның басты метрикалары
25.08.2020 – Scopus негіздері. Өздік жарияланымдардың мәселенамасы
26.08.2020 – Web of Science негіздері. Өздік жарияланымдардың мәселенамасы
27.08.2020 – Ғылыми консалтингтің қыр-сыры. Жарияланым жасау барысында уақытты қалай үнемдеу керек?
Онлайн-кездесулер цикліне қатысқаннан соң ғалым не білетін болады?
- Барлығы жарияланымдар аясындағы ғылыми консалтингтер туралы
- Жазудан бастап жарияланым жасауға дейінгі мақаланы дайындаудың қандай кезеңдері бар?
- Мақаланы дайындау барысында ғалымның алдында қандай мәселелер туындауы мүмкін?
- Сапасыз басылымдар тұзағына түспеудің жолдары
- Консалтингті қолданудың халықаралық тәжірибесін жүзеге асыру
Маңызды:
- Вебинарларға қатысу – тегін, қойылатын жалғыз талап – тіркелу.
- Вебинралар тілі – орыс тілі.
- Ғалымға 3 немесе барлық вебинарларға қатысқан жағдайда сертификат беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада «ORCID-те бейінді қалай құруға болады және Scopus немесе Web of Science мәліметтер базасынан жұмыстарды онда қалай қосуға болады?» материалы жарыққа шықты